2010 жылдың 27 қазанында облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен болып өткен әкімдік мәжілісінде бірқатар мәселелер қаралды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мұратбек Тақамбаев Ақмола облысының 2010 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады.
Облыс бюджетінің биыл тоғыз айдағы орындалуы барысы туралы облыстық қаржы басқармасының бастығы Талғат Бөлтенов хабарлама жасады.
Әкімдік мәжілісінде қаралған осы екі мәселе бойынша Қорғалжын ауданының әкімі С.Р.Қасенов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы М.С.Қойшыбаев сөз сөйлеп, атқарылған істің жайын баяндады.
Сонымен қатар, әкімдік мәжілісінде Ақмола облысының 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы мәселе қаралды.
Мәжілісті облыс әкімі Сергей Дьяченко қорытындылап, аудан мен қала әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Мәжілістен кейін аудан мен қала әкімдері, басқарма және департамент бастықтарымен биылғы жылды ойдағыдай аяқтау мақсатында орындалатын міндеттер жөнінде жиналыс өткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі