2010 жылдың 2 қарашасында ҚР Премьер Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен бейнеселектор режимінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша Бірыңғай үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды.
Кеңес мәжілісіне Премьер Министрдің орынбасары Әсет Исекешев, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин, ҚР Президентінің Көмекшісі Бақыт Сұлтанов, экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, қаржы министрі Болат Жәмішев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова, «Атамекен» ҰЭП басқармасының төрағасы Азат Перуашев, «Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы» ЗТБ гі директорлар кеңесінің төрағасы Серік Ақанов, Қазақстан кәсіпкерлер форумының президенті Райымбек Батталов, Прагма USAID Корпорациясының Қазақстан бойынша жобасының директоры Сергей Пизиков, екінші деңгейдегі бірқатар банктердің және өңірлік, салалық бизнес қоғамдардың өкілдері қатысты.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері «2020 бизнес Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысын, отандық кәсіпорындардың өнімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстарды, әкімшілік кедергілерді азайту туралы мәселелерді қарады. Сонымен қатар, БҮК ң мұның алдында болған отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп тыңдады.
Қаралған мәселелер бойынша үкімет басшысы нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі