2-ші қараша күні селекторлық режімде ҚР үкіметінің кезекті отырысы болып, онда бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Оның ішінде негізгі азық-түлік тауарларына баға мәселесі жөнінде баяндама тындалды.
Ведомство басшыларының айтуынша, Қазақстандағы негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсуі әлемдік экономиканың ықпалы себепші болған (әлемдік шикізат нарығындағы үдерісі құрғақшыл жазының себебінен). Сонымен қатар, нарықтағы компания-алыпсатарлардың өзара келісулеріде әсерін тигізіп отыр.
«Казагромаркетинг» АҚ-ң мәліметі бойынша, осы айда республикамызда бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы өскендігі байқалады. Атап айтқанда, 1 сортты ұнның бағасы 3 тенгеге (5,5%), жоғары сортты ұнның бағасы 5 тенгеге (7,7%), макарондық өнімдерінің бағасы 4 тенгеге (4,3%), қарақұмықтың бағасы 21 тенгеге (12,7%), өсімдік майының бағасы 20 тенгеге (8,8%), жұмыртқа 25 тенгеге (18,7%), сүт 5 тенгеге (4,8%), қант 6 тенгеге (3,5%), картоп 6 тенгеге (10,5%), томат 55 тенгеге (71,4%) қымбаттаған.
Содан соң үкімет отырысында республика бойынша жылу беру мәселесі қаралды.
Биыл жылу беру маусымына дайындық шаралары жергілікті әкімдіктердің бекітілген жоспарларына сәйкес уақытында жүргізілді.
Үкімет мәжілісінде өздерінде ұсталып отырған баға саясаты туралы барлық облыстардың әкімдері есеп берді.
Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко осы мәселе бойынша есеп бере келіп, өңірде азық-түлік өнімдері бағасының тұрақты екенідігін жеткізді. Бағаны өсірмеу жөнінде 297 меморандумға қол қойылған. Аймақта ұдайы азық түлік өнімдерінің жәрмеңкелер өткізіліп тұрады.
9 -10 қазан күндері Астана қаласында Ақмола облысының жәрменкесі өтті. Осы екі күн ішінде 20-25 пайызға орташа төмен бағамен 40 млн. тенге сомасына азық-түлік тауарлары сатылған.
Облыста жылу беру маусымы 1 қазанда басталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі