Қаланың орталық Абылайхан аланы және оның маңындағы әкімшілік ғимараттар біртұтас сәулеттік жарасымды ансамбль құрастыру керек екені белгілі. Сондықтан ғимараттардың сыртқы түрі, оның айналасындағы аумақтағы абаттандыру элементтері көздің жауын алуға тиісті. Кеше облыс басшысы Сергей Дьяченко «Көкшетау» қонақүйінің және оның маныңдағы аумақпен танысу барысында осы ойларын ортаға салды.
Мейманхананың директоры Боранбай Бегалиннің айтуынша, бұл ғимарат 1987 жылы салынған, қазіргі уақытта оның бірнеше қабаттары жөңдеуден өтті, тағы екі қабаттағы қонақ орындары жуыр арада жөнделмек. Негізінде бұл қонақүй табыстары орта деңгейдегі адамдарға арналған.
Танысудың соңында облыс әкімі Сергей Дьяченко қонақүйді заман талабына сай жаңартып, маңайында көркейту жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі