Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченко жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, бірқатар елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, жергілікті халықтың тұрмыс жайымен танысты.
Облыс әкімі «Көкшетау-Петропавл» автожолы бойының жүргізіліп жатқан жұмыстарын көріп және жаңадан салынған қиыршық тас зауытының жұмысымен танысты. Зауыт жылына 1 миллион тонна қиыршық тас өндіре алатыны,зауыттың бұл өнімдеріне көбінесе өзіміздің көрші Солтүстік Қазақстан облысынан және Ресейдің түрлі құрылыс ұйымдарынан сұраныс жоғары болғандығын байқауға болады.
Облыс басшысы С.Дьяченко Алексеевка кентіндегі Доломит руднигі жұмысымен танысты, бұл елімізде танымал Соколов-Сарыбай кең-байыту комбинатының филиалы. Рудниктың бас директоры Василий Рыбалконың айтуынша, Доломит руднигі 1943 жылы зерттеліп,1954 жылдан бастап өнім беріп жатқан байырғы кәсіпорындардың бірі болып саналады, өнім қоры шамамен 46 жылға жететіндігін расстайды.
Алексеевка кентіндегі орта мектебінің директоры Н.П.Басун облыс басшысына мектептің жағдайын айтып, таныстырып шықты,қазіргі уақытта 123 бала оқиды екен. Облыс әкімі С.Дьяченко мектеп мұғалімдері мен бала бақша тәрбиешілерімен әңгімелесіп, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарына көңіл бөлді.
Кусеп селолық округінде «Айналайын» бала-бақшасының ашылып, іске қосылуына орай облыс әкімі С.Дьяченко сөз сөйледі.
Біздің бәріміз елімізде жасалып жатқан барлық жақсы істері үшін Елбасына алғыс айтуымыз керек. Адамдарға жергілікті жерлерде қолайлы жағдай жасауды Елбасы бізге ұдайы айтып, тапсырып келеді.Біз сол тапсырманы орындап жатырмыз,- деді облыс басшысы өз сөзінде.
Бұл елді мекенде бала-бақшаның іске-қосылуы қуанышты жағдайы екенін атап, облыс басшысы түрлі-түсті телидидар және компьютер сыйлады. Бала-бақшада спорт зал, бассейн бар, балаларға қазақ және орыс тілін меңгеру үшін екі топ құрылған. Ауыл тұрғыны А.Әлиева сөз сөйлеп,көңіл қуанышын, өз ризашылығын білдірді.
Облыс әкімі С.Дьяченко Куропаткино ауылындағы ашылған клубы мен осындағы кітапхана баспасөзімен танысып, ауыл тұрғындарының жастарымен пікірлесті. Клубта бес түрлі үйірмелер жұмыс істейді екен. Жастардың өз өнерлерін дамытып, ән салып, би билеулеріне толық жағдайлар жасалғанына өз көзімен байқап көрді.
Облыс әкімі С.Дьяченко ауылдың жастар командасына 13 пар коньки сыйлап, олардың әр ойында жеңіске жете беруін тіледі.
Азат ауылының, осындағы элеватордың жай-күйімен танысқан облыс әкімі тағы да ауыл халқына қолайлы тұрмыстық жағдай жасау мәселесін көтерді, осы орайда, жуырда ғана пайдалануға берілген моншаны көріп шықты. Ауыл тұрғындарының өздерінің диірмен мен наубайханалары бар, өз ұндарынан нан пісіріп, әр бөлке нанды ауыл тұрғындарына 40 теңгеден сатуды ұйымдастырған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі