Қазақстан халқы Ақмола ассамблея кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Мәжілісті ассамблея кеңесінің төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко ашып, өзі жүргізіп отырды.
Мәжіліс басында ол жиналған қауымды келе жатқан Құрбан айтымен құттықтап, бұл мейрамның бірінші күні соңғы бес жыл бойы демалыс күні болып жүргенін атап өтті. Бұл деді, Сергей Дьяченко, Елбасының конфессияаралық, этносаралық келісімді нығайту жолында жасап жүрген жүйелі саясатының дәлелі.
Кеңес мәжілісінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы құрамына өзгерістер еңгізілді. Соңғы жылдары ассамблея құрамынан әртүрлі себептермен шығып қалғандардың орнына жаңа мүшелер еңгіілді.
Кеңес Ақмола облысы білім басқармасының бастығы Марат Ыбраевтің білім мекемелерінің жастар арасында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру, қазақстандық патриоттық сезімге, этникааралық қарым қатынас мәдениетіне баулу жолында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдады.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанында құрылған ғылыми сараптамалық орталықтың атқарып жүрген істері туралы сол орталық төрағасының орынбасары, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттің гуманитарлық зерттеулер жүргізетін лабораториясының басшысы Сәуле Досанова баяндап берді.
Кеңес мәжілісінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кезекті он үшінші сессиясы үстіміздегі жылдың 24 қарашасында болатыны белгіленді.
Пресс-служба акима области