Облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде жол пайдалану кәсіпорындарының қыс айларында жұмыс істеуге ыңғайлау, жолдарды қысқа дайындау, ауа райына байланысты жол апаттарының алдын алу туралы мәселе қаралды.
Осы мәселе бойынша Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Еркін Жүсіп, Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаментінің директоры Геннадий Долгих және Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Вадим Пранге баяндамалар жасады.
Облыс бойынша бүгінгі таңда 2714 облыстық жолдар бар. Осы жолдарға бір жылға жасалатын келісім шартпен 12 мердігерлік ұйым күтім жасайды. 2010 жылы осы мақсатқа 286,3 млн. теңге қаржы бөлінсе, соның 104,3 млн. теңгесі жолдарды қысқы маусымда күтіп, ұстау шараларына бағытталған.
Биылғы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық жаман емес. Басқарма өзге де салалас құрылымдармен бірлесіп, қыстың қатты аяздары мен борандарында автокөліктер мен жолаушыларға облыс жолдарында қиындық туындамауына қолдан келген барлық жағдайды жасағалы отыр.
Қысты күндері жол бойында туындап қалатын төтенше
жағдайлар және олардың алдын алу мәселелері бойынша мәжілісте сөз алған облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Вадим Пранге таяу арада осы мақсатта жылдағыдай «Қыс» республикалық оқу жаттығу жиындары өтетіндігін хабарлады.былтыр қатты борандарда жол бойында 200 де дейін автокөлік кептеліп қалған жағдайлдар болған. Бірақ, ондай төтенше жағдайлардың бәрі сәтті аяқталып, жергілікті жерлердегі атқарушы органдармен бірлескен іс қимылдардың нәтижесінде ауыр зардаптарға жол беріле қойған жоқ. Биыл да солай болатындығына сенім мол.
Бұдан кейін аппарат мәжілісінде облыста жыл басынан бері қолға алынып отырған қылмысқа қарсы күрестің жай жапсары туралы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Тілеген Мәткенов есеп берді. Ол өз сөзінде осы есепті кезеңде ауыр қылмыстың саны азайғандығын, оның есесіне жеңіл жәнен орташа деңгейдегі қылмыстардың өсіп отырғандығынан нақты мысалдар келтіріп, осының себеп салдарына тоқталды. Әсіресе, соңғы уақытта арақ ішіп алып мас күйінде автокөлік жүргізетін жүргізушілер саны көбейіп отыр. Тек Көкшетау қаласында ғана өткен түнде осындай 10, ал облыс бойынша 23 адам қолға түскен. Жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелері дұрыс сақталмайды.Бийлғы жылдың тоғыз айында сол үшін мемлекет есебіне 319 млн. теңге айыппұл өндіріліп алынған. Жол жүру мәдениеті де төмен. Осының бәрі бұл бағыттағы жұмыстарды неғұрлым жақсарта түсуді қажет етеді.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко мәжілісті қорытындылай келе, атқарылып жатқан жұмыстардың бәрін күнбе күн қатаң бақылауға алмай болмайтындығын атап өтті. Сонда ғана алда тұрған міндеттер ойдағыдай шешімін тауып, әрбәр істен көздегендей нәтиже күтуге болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі