Құрбан айт күні облыс әкімі Сергей Дьяченко Науан Хазрет атындағы орталық мешітте болып, жиналған мұсылман қауымын осы ұлық мейраммен құттықтады. Құттықтау сөзінде ол Ақмола облысының діндарлары еліміздің, өңіріміздің дамуына, халықтар мен діндер арасындағы достықты нығайтуға зор үлес қосып қана қоймай, қоғамдық істерге белсене қатысады деді.
Мұның негізінде біздің қазақстандық әлемге белгілі этносаралық және конфессияаралық келісім тұр, деп атап өтті облыс әкімі Сергей Дьяченко. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ғасырлар бойы бірлескен, бойына басқа этностардың рухани байлығын сіңірген Қазақстан халқы төзімділік, дінге еріктілік және жаңа үрдістерге баулу қасиеттерін көрсетіп келеді. Тұжырымдап айтқанда, бұл біздің мемлекеттігіміздің саяси принциптері.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі