15 қараша күні облыс әкімі С.А. Дьяченко Құрбан айт құрметіне бір топ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өздері тұрған пәтерлерінің заңдастырылған құжаттарын табыс етті.
Ұлы жеңістің 60 жылдығы құрметіне, яғни 2005 жылы Көкшетау қаласының 16 соғыс ардагері «Cұңқар» ықшам ауданындағы жаңа үйден пәтерлер алған болатын. Биылғы жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаныңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тұрғын-үй қарым-қатынасы жөніндегі заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, соғыс ардагерлеріне пәтер берудің көптеген жеңілдіктерін жасаған болатын. Бұл өзгерістерде соғысқа қатысқан ардагердің өзі қайтыс болған жағдайда пәтер солардың отбасының меншігіне қалдырылатын бап та қарастырылған.
Осы жағдайдан кейін Көкшетауда да көптеген бері соғыс ардагерлерін алаңдатып жүрген мәселелер қолға алынып, құжаттарды қайта рәсімдеу басталаған болатын. Алайда, алғашында құжаттарды дұрыс толтырмаудың нәтижесінде Ақмола облыстық әділет департаменті үйлерді тіркеуден бас тартқанды. Жеті ай өткеннен кейін бұл мәселе шешіліп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын тұрғын үйлердің пәтерлерін жекешелендіру басталды.
Облыс әкімі С.А. Дьяченко Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ш.Мағауин,Ф.Камалов,М.Иманғалиев,Е.Найкин,Н.Есімовке салтанатты жағдайда пәтерлердің құжаттарын тапсырды.
Осы күнді көре алмай кеткен бір топ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері С.Баталова, Т.Хасенов, Р.Иназарова, Р.Ахметшина, М.Оразалина, Я.Маханова, М.Омарова да әкімнің қолынан өз үйлерінің құжаттарын алып, көздеріне келген қуаныш жастарын да жасыра алмады.
Бұл ізгі шараның Құрбан айты қарсаныңда өтіп жатқандығын айта келіп, облыс әкімі С.А. Дьяченко біздің қоғамда аға ұрпақ өкілдеріне шынайы қамқорлық жасалып жатқандығын бұл орайда Елбасының шынайы жанашырлығын атап көрсетті.
Қарттар облыс басшысына риза болып, ісіне табыс, сәттілік тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі