Облыстық әкімдікте 15 қараша күні облыс әкімі С.А.Дьяченко Ұлттық валюта-теңге күніне орай салтанатты жиналысы өтті.
Салтанатты жиналысты облыс әкімі С.А.Дьяченко ашып, жүргізіп отырды.
Салтанатты жиналыста облыстық басқарма және департамент басшылары мен қызмет өкілдері, банк қызметкерлерінің өкілдері, БАҚ өкілдері болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ақмола филиалының директоры А.З.Оспанов теңгенің экономикаға қызмет ету жайында баяндама жасады.
Салтанатты жиналыста облыс әкімі С.А. Дьяченко банк және қаржы саласының бір топ қызметкерлеріне Алғыс хаттарын табыс етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі