Осы жылдың 11 қараша күні Целиноград ауданының орталығы – Ақмол ауылында 320 орындық «Жұлдыз» бала бақшасының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылдың 5 тамызында жұмыс сапарымен Ақмола облысы Целиноград ауданының орталығы – Ақмол ауылында болған кезінде бұл елді мекенді абаттандырып, көркейтіп және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында берген тапсырмаларын қысқа мерзімде орындап, екінші тууы болғандығын облыс басшысы өз сөзінде атап өтті.
Елбасының тапсыруы бойынша Ақмол ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жылу және электр қуатымен қамту, жалпы ауылды абаттандыру жайы, ауыларалық жолдарын жөңдеу, көше шамдарын орнату мәселелері болды.
Ақмол ауылын абаттандыру үшін республикалық бюджеттен 118,7 миллион теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың шешімімен облыстық бюджеттен де қосымша 31,3 миллион теңге бөлінді.
Тапсырма мерзімінен 1 ай бұрын, яғни қазан айының 1-ші күні орындалды, қазір ауылға тәулігіне 1,5 мың теңше метр су келіп тұрады.
Оразақ ауылы тұсындағы 3,5 шақырымдық магистральды су құбыры да күрделі жөндеуден өткізілді. Аудан орталығындағы су жүйелерін күрделі жөңдеуден өткізуге 120 миллион теңге қаржы бөлініп, белгіленген жұмыстар толық атқарылды.
Қазіргі уақытта жаңадан ашылған мектеп жасына дейінгі бала бақшасы аудан орталығының қажеттілігін толық қамтып отыр.
Ақмол ауылында осыдан бірнеше ай бұрын заманауи талаптарға сай аудандық сот ғимараты пайдалануға берілсе, таяу арада аудандық прокуратура ғимараты да іске қосылмақшы.
Содан басқа, осы кезеңде келесі жұмыстар жүргізілді:
- 40 көше шамдары ауыстырылып орнатылды, ол аудандық кәсіпорын мен ұйымдардан бюджеттен тыс бөлінген ақша қаражаты Ақмол ауылына 0,5 млн. тенге қаражаты жұмсалды;
- 7,5 шаршы метр ауыларалық жолдары жөңделді;
- Ақмол ауылында барлығы 1000 түп ағаш отырғызылды, қураған ағаштар оталып, бей-берекет тұтасып кеткен көшеттер жөнге келтірілді.
Ауданды дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Бұл жоспар бойынша тағы да мектеп, бала бақша, емхана салу көзделіп отыр.
Облыс әкімі кездесу барысында сондай-ақ журналичстердің көптеген сұрақтарына нақты жауаптар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі