18 қараша күні облыс әкімі С.Дьяченко бірқатар облыс орталығының объектілерін көріп шықты, облыстық сот, «Көкше-Полиграфия» АҚ, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын және әуежайдың әлеуметтік экономикалық жағадайларымен танысып, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі С.Дьяченко облыстық сот ғимаратының сыртқы жөңдеу жұмысының барысымен танысты. Мұндағы қабырғалар қапталып, ғимарат сырты сәндене түскен. Облысттық соттың кіре берісне сот істері бойынша анықтама беретін қондырғы қойылған. Мұнда келушілер өзіне қажетті ақпаратты осы жерден ала алады. Бұдан соң облыс әкімі С.А.Дьяченко оқыту орталығы мен сот залдарын аралап көріп, осындағы адамдармен емін-еркін әңгімелесті. Мұражайда болып, облыстық соттың мәжіліс залында судьялар корпусымен кездесіп, Құрбан айты мерекесімен құттықтады және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы жөнінде әңгімелеп берді. Қазақстан Республикасы судьяларының VI республикалық спартакиадасында 1 орын алған облыстық соттың команда мүшелерін марапаттады.
Облысттық соттың төрағасы Ағжан Ештай өз сөзінде жыл өткен сайын азаматтардың сотқа деген сенімі арта түскенін, оны сотта қаралған істер және азаматтардың сотқа жүгуінің саны өсіп келе жатқандығы дәлелдейтінін атап өтті.Судьялар материалдық-техникалық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген.
Облыстық сот пен Ақкөл аудандық соты ғимараттарының сыртқы жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Көкшетау қалалық сотында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Целиноград аудандық соты жаңа ғимаратқа қоныстанды,-деді ол.
Шара соңында судьялар облыс әкімі Сергей Дьяченкоға өздерінің аттарынан «Қазақстан судьялар қоғамдастығы» кітабын ескерткіш ретінде сыйлады.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко сол күні «Көкше-Полиграфия» акционерлік қоғамында болды. 105 жылдық тарихы бар бұл кәсіпорын қазір полиграфиялық өнім өндіріп, баспа қызметімен айналысады. Кәсіпорында 91 адам енбек етеді. Орташа енбекақы 52 мың. теңге көлемінде.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко тапсырыс беру столында, дайын өнімдер қоймасында және «Валентина» сауда үйінде болып, өнімдер мен тауарлардың бағасымен танысты.
Газет шығаратын цехтың жұмысымен танысып, газеттің жөнінде әңгіме өрбітті.
Соңғы жеті жылда атаулы акционерлік қоғамның материалдық базасының дамуына 300 миллион теңге бағытталып, өндірістік қуатын арттырды.
Баспахананың бірінші қабатын күрделі жөндеуден өткізді. Былтыр құны 120 миллион теңге тұратын қазіргі заманғы индиялық “Ronald” баспа кешенімен жабдықталған жаңа газет цехы пайдалануға берілді. Мұнда шығарылатын газет беттері түрлі-түсті бояумен боялады. Жаңа газет цехы газет пен журналдар өндірісін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Өткен жылы “Көкше-Полиграфия” акционерлік қоғамы 167 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, республикалық және жергілікті бюджеттерге 32,5 миллион теңге салық төлегендерін акционерлік қоғамының директоры кеңесінің төрағасы айтты.
Облыс әкімі С.Дьяченко «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болып, бу қазандықтарын аралап көрді. Кәсіпорын басшысының айтуынша отын қоры 2,5 айға жететінің, Краснояр селосы мен Станционный кентіндегі бу қазандықтары үздіксіз жылу беріп тұрғанын атап өтті.
Өңір басшысы жұмыс сапарының соңында Көкшетау әуежайында болып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда әуежай вокзалында, ұшақ қонатын жол жүйлерінде, апаттық қызметтерде және жана-жағар май қоймасында құны 1,6 миллиард теңгеге бағалаған құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әзірше осындағы жатақхананың 1 қабаты әуежай вокзал ретінде пайдаланылмақшы.
Облыс әкімі С. Дьяченко құрылысы жүріп жатқан барлық нысандарды аралап, мердігерлер мен құрылыс материалдарын жергілікті жерден іздеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкімі бас мердігер «Құлагер» құрылыс корпорациясы филиалының директоры Қайрат Имаковқа бөлінген қаражатты игере алмай, құрылыста сапасыз кірпіш қолданғаны үшін қатаң ескерту жасады.
Облыс пен қаланың қақпасы болып табылатын аса маңызды халықаралық әуежайдың құрылысы сапалы болу қажет. Бұл бағытта бақылауды күшейтеміз,-деді облыс әкімі С. Дьяченко.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
(«Арқа ажары» газетінің ақпараты негізінде)