Кеше Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қайрат Мәми мен облыс әкімі Сергей Дьяченко Ақмол ауылында Целиноград аудандық прокуратураның жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.
Бүгін сіздер өскелең талап деңгейіне сай прокуратура ғимаратының ашылу салтанатына куә болып отырсыздар,-деді өз сөзінде Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қайрат Мәми. - Бұл Елбасының қолдауы мен қамқорлығының тағы бір дәлелі.
Республиканың бас прокуроры Қайрат Мәми аудан прокуроры Ерлан Өтегеновке жаңа автокөліктің кілтін, аудандық прокуратура қызметкерлері Марат Досыбаев пен Алтынбек Қарбаевқа пәтерлердің кілтін табыс етті.
Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко прокуратура қызметкерлерін, жалпы аудан тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жайында айтып берді. Прокуратураға плазмалық теледидар сыйлады.
Прокуратура саласының ардагері Ертай Баймұхаметов ақсақал да прокуратура қызметкерлерін қоныс тойларымен құттықтады.
Ақмол ауылы күн санап құлпырып келеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі