23 қараша күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
С.Дьяченко Президентті облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, сондай-ақ, елорданың азық-түлік белдеуін құру және Ақмола облысындағы елді мекендерді абаттандыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы жайлы хабардар етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі