24 қараша күні Көкшетауда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола обыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы III облыстық форум болып өтті. Бұл шараға «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков қатысып сөз сөйледі.
Форумның мәжілісінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 2011-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа бағдарламасының жобасы талқыланды.
Бүгінгі форум облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық көзқарасты одан әрі күшейту ісіне үлесін қосатынына сенімдімін,- деді өз сөзінде облыс әкімі Сергей Дьяченко.
Облысымыздағы құқық қорғау органдарымен жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы облыс прокуроры Б.Қ.Абдулов, экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі облыстық департамент бастығы Н.Ә.Жұмабаев, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасының бастығы Т.Қ.Жұмағулов, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы В.В. Маначинский, мәжілістің күн тәртібінде мәселе бойынша «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Ерғалиев, «Нұр Отан» ХДП Жақсы ауданы филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы У.Т.Шәкеев хабарлама жасап, қоғамымыздағы жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде жүргізген жұмыстары жайлы баяндап берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Нұр Отан» ХДП материалдары бойынша