6 желтоқсан күні Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен бейне конференция түрінде өткізілген кезекті республикалық-селекторлық мәжілісте индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламалары шеңберіндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ инновацияны дамыту және 2010-2014 жылдары еліміздің минералдық-шикізаттық кешенін технологиялық жағынан жетілдіру мәселелері бойынша өңірдегі инвестициялық жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде есеп берді.