Облыс әкімі Сергей Дьяченко Астанада өткен ағымдағы жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – ЕҚЫҰ на кіретін мемлекет басшыларының Саммиті қорытындысын талқылау шеңберінде Шоқан Уәлиханов және Абай Мырзахметов атындағы университеттердің болашақ тарихшы философтары, тарихшы халықаралық саяси білгірлерімен және профессорлық оқытушылық құрамымен кездесті.
ЕҚЫҰ төрағалық ету, Астанада өткен Саммит тақырыптарына арналған лекциясында өңір басшысы Сергей Дьяченко бұл халықаралық ұйымның белсенділігін арттыру жолында жалпы Қазақстанның, оның Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаетың рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Саммитке қатысушылар толығымен қолдаған глобальды бастамаларының өте өзекті екеніне тоқтады.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко студенттерге өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы, серпінді индустриалдық инновациялық жобалардың орындалуы, қалалар мен елді мекендерді көркейту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, жиналғандардың бірқатар сауалдарына жауап берді.
Формалды емес кездесудің соңында облыс әкімі, саяси ғылымдардың докторы, профессор Сергей Дьяченко студенттер мен оқытушыларға Қазақстанды саяси жаңарту тақырыбына арналған кітаптарын сыйға тартты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі