Облыс әкімі Сергей Дьяченко өткен сейсенбі күні облыс орталығы Көкшетау қаласының көшелерін қар мен көктайғақтан тазарту жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар өмірлік маңызы бар нысандарды аралап көрді, олардың бүгінгі жағдайына қанығып, кейбір өзекті мәселелерін шешу үшін тиісті орындарға тапсырмалар берді.Облыс орталығында бетін ашылған жаңа «Сафари» сауда орталығы аң және балық аулауға қажетті керек-жарақтарды,соның ішінде қарда өздігінен жүретін жапон шаналарын, басқа да жабдықтарды сатуға мамандырылған. Облыс әкімі мұндағы тауарлар ассортиментін мұқият қарап шыққаннан кейін тұтынушыларға атта салт жүру үшін қажет болатын ат әбзелдеріне де ұсыну керектігі жөнінде өз ойын білдірді. Бұдан кейін С.А.Дьяченко «Арғымақ» авто салонында болып, ондағы сатуға қойылған Ресей автокөліктерімен танысып шықты.Биыл жүкті әйелдерге ақыл-кеңес беретін облыстық-дәрігерлік мекеме бұрынғы қан орталығынан босаған үш қабатты ғимаратқа көшірілген болатын. Облыс әкімі жаңа жерге орналасқан осы ұжымның мүшелерімен де жүздесіп, ғимараттың іші-сыртын аралап көрді. Сөйтіп, бұрын тар жерде жұмыс істеп келген осынау мекеменің жағдайын дұрыстауға күш салған қала басшыларының бұл шешіміне қолдау білдірді. Облыс әкімі сонымен бірге, жаңа қонысқа қоныстанып жатқан осы мекеменің кезек күттірмес кей мәселелерін шешу үшін басшы орындарға бірқатар міндеттер жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі