Кеше 8 желтоқсан күні облыс әкімі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сергей Дьяченко филиал ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.Қабылдау барысында облыстың түкпір-түкпірінен келген тұрғындар тарапынан баспана, жер бөлісі, жұмысқа орналасу, өңірде атқарылып жатқан «Жол картасы» бағдарламасы және шағын кәсіпкерлікке қатысты сауалдар көтеріліп, облыс басшысы олардың бәріне толыққанды жауаптар беріп,олардың мәселелерін шешуге мүмкіндігінше көмектесетінділігін, оны орындау тиісті өкілетті органдарға тапсырылатындығын атап көрсетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі