9 желтоқсан күні Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко біздің өңірге Қытай Халық Республикасынан келген делегация мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында делегация басшысы, Шаньдунь провинциясындағы «Шин Уен» тау-кен байыту компаниясының жетекшісі Лань Циньтянь өңір басшысына Қытай Халық Республикасындағы тау-кен байыту саласындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарлар, осы саланы одан әрі дамыту және оның басым бағыттары туралы баяндап берді.
Қытайлық мейманның мәлімдеуіне қарағанда, компания мен Ақмола облысының Ерейментау ауданында орналасқан Сарыадыр көмір кенішіндегі «Он-Олжа» көмір корпорациясы арасында іскерлік қарым-қатынас орнату жөніндегі де уағдаластық бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі