10 желтоқсан күні облыс әкімі Сергей Дьяченко «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының орындалу барысы қаралған және шағын кәсіпкерлікті дамытудың қорытындысы шығарылған кәсіпкерлердің бизнес семинарын өткізді.
Бизнес-семинардың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
1.«Ақмола облысындағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы;
2.«Жаңа кедендік одақ шенберіндегі салық заңнамасы» ;
3.Ақмола аймағындағы «ҚР экономика саласындағы басшылық етуші қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру» бағдарламасын ашу туралы.
Бизнес семинарды қорытындылаған облыс басшысы Сергей Дьяченко мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау бағытында үлкен жұмыстар жүргізіліп отырғандығын, олардың өз кәсібін дамытып, өркендетуге барлық жағдайлардың жасалғандығын, соның нақты көрінісі ретінде ұзақ жылдарға арналаған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы екендігін айта келе, кәсіпкерлер де өз кезегінде облыс экономикасын дамытуға үлестерін қосуы қажеттігін атап көрсетті.
Шара соңында «2010 жылғы шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қол жеткен жетістігі үшін» конкурсының жеңімпаздары марапатталып, облыс әкімі оларға өз қолымен дипломдар тапсырды.
Семинарға Көкшетау мен Степногорск қала және аудан әкімдері, екінші деңгейлі банк басшылары, облыстық басқарма бастықтары, облыс кәсіпкерлері, БАҚ өкілдері шақырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі