Өткен аптада, 10 желтоқсан күні Көкшетауда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясында 2011-2013 жылдарға арналған облыс бюджеті және Ақмола облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Облыс әкімі Сергей Дьяченко сессияда сөз сөйлеп, алда тұрған міндеттер және атқарылатын істердің маңыздылығы жөнінде ой толғады.
Облыстық мәслихаттың сессиясын оның төрайымы, депутат Г.А.Марченкова ашып, жүргізіп отырды.
Ақмола облысының 2011-2013 жылдарға арналағн бюджеті жөнінде облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы М.Ш.Тақамбаев баяндама жасады.
Ақмола облысында туризмнің жағдайы және оны дамыту мәселесі бойынша облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбеков баяндама жасады. Туризмді дамытудың зор мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі айтылды. Соңғы жылдары атқарылған көптеген игі істермен қатар әлі де қолға алатын жағдайлар бар екендігі баяндамада жан-жақты саралнып көрсетілді.
Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И.Д. Жанғұразов есеп берді.
Сессия жүмысына қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жақияқызы Жалмағанбетова республикалық бюджеттің жай-жапсары туралы хабарлама жасады. Әр өңірден сайланған халық қалаулылары өз сайлауларының мүдделері үшін әрдайым жер-жердегі өзекті мәселелерді қағыс қалдырмай, әрбір бағдарламаның қаржымен қамтамасыз етілуі үшін жан сала қызмет ететіндіктерін мәлімдеді.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко облыстық мәслихаттың XXIX сессиясында жасаған баяндамасында, үлкен маңызды жұмыстарды белгілеп, алдағы мақсатта оларды орындауда тиісті тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі