12 - 13 желтоқсан күндері облыс әкімі С.А.Дьяченко Целиноград ауданының Қосшы, Тайтөбе, Рақымжан Қошқарбаев және Қабанбай Батыр атындағы ауылдарында болып, бұлардың әлеуметтік жағдайларымен және қысқы жылу берудің жайымен танысты. Кейбір пәтерлерге кіріп, үйлердің жылылығына өзі көз жеткізді.
Облыс әкімі С.А.Дьяченко Аршалы және Бұланды аудандарында жұмыс сапарымен болып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларымен танысты, ауыл адамдарымен кездесіп, олардың жай-күйін сұрастырып білді және де жаңадан ашылып, іске кіріскен жаңа өндіріс орындары мен бала бақшаларының тұсаукесер рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. Атап айтар болсақ Аршалы ауданының орталығында тұңғыш ашылып отырған 320 оқушыға арналған мектептің ашылу салтанатына қатысты.
Сонымен бірге ол осы ауданының социалистік Еңбек ірі Ибрагим Жанғоразов басқаратын «Ижевск» өндірістік кооперативінің тәулігіне 480 тонна құрама жем шығаратын осы заманғы зауыттың іске қосылу рәсімінде болып, жаңа өндірістің жұмыс істеу әдісімен танысып, өз ризашылықтарын білдірді.
Бұланды ауданында болған сапары кезінде облыс басшысы аудан орталығында салынып пайдалануға берілген жаңа бала-бақшасының ашылу салтанатында елдің қуанышын бірге бөлісті. Бала бақшасына бес бірдей компьютерді байғазы есебінде сыйға тартты.
Макинск қаласында тұратын соғыс ардагері Дмитрий Москаленконың шаңырағына бас сұғып, ардагерге пәтерді жекешелендірудің құжаттарын тапсырып,әңгімелесті. Ардагерлердің қал-жағдайын сұрап білді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі