Кеше Көкшетауда Қазақстан Респуликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балаларға арналған «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты жыл сайынғы дәстүрлі Жасыл шырша мерекесі болып өтті. Бұл шараға облыс әкімі Сергей Дьяченко қатысып, балаларды Жаңа жылмен құттықтады. Бұл мерекеге шақырылған облыстағы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы оқуда үздіктер қатарынан көрініп жүрген 150 бала облыс орталығы - Көкшетау қаласына Президент шыршасы болатын уақыттан бір күн бұрын жиналды.
Жасыл шыршаның ең керемет сәті - балғындарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың телеэкран арқылы өздеріне ғана арналған Жаңа жылмен құттықтауындағы ел болашағы - бүлдіршіндерге деген үміт пен сенім сәбилерді қанаттандырып жіберді.
Балғындарды қуаныштарымен құттықтауға келген облыс әкімі Сергей Дьяченко екінші қабаттағы залында шыршаға шақырылғандарды Жаңа жылмен құттықтап, жеткіншіктерге Елбасының сенім арттатынын, сол сенімді орындау үшін жақсы білім алып, өзара тату болуы қажеттігін, ұлағатты ұстаздарын сыйлауы керектігін айтты.
Президент шыршасына қатысу бақытына ие болған балалар үшін бұл ең әсерлі, сәби шақтарынан мәңгілік естен кетпейтін ерекше сәт болды. Жымыңдаған оттары сәуле шашқан әсем шыршада не бір қызықтарды тамашалап, көңіл көтерген әр балаға ел Президентінің атынан түрлі сыйлықтар тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі