Өткен жұма күні облыс әкімі Сергей Дьяченко «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің керамикалық кірпіш шығаратын зауытының ашылу салтанатына қатысып, бұл елімізді индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының бір сәті деді.
«ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірпіш зауыты қазіргі заман талабына сай озық технологиямен жұмыс істейді. Жұмыстың бәрі толық автоматтандырылған. Бұл нысан үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шенберінде салынып, аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген.
Құрылыс индустриясында жергілікті шикізаттан өнім шығаратын осындай қуатты нысандарды пацйдалануға беру Ақмола облысының одан әрі дамуына ықпал етеді және құрылыс материалдарының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі С.Дьяченко.
Зауыттың ашылуына орай, митингге қатысушылар алдында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы Өскеменде өткен республикалық жиында Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту үшін референдум өткізу жөнінде ақмолалықтар толық қолдайтындығын атап өтті, өз сөзінде облыс әкімі С.Дьяченко.
Салтанаттан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко өндіріс орнымен танысты. Технологияның процестерді бақылайтын компьютер өндірірлген өнімнің сапасын қадағалап, қажетті талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі