Кеше, 29 желтоқсан күні, облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласында, Васильковка мөлтек ауданында «Балапан» бағдарламасы бойынша Жаңа жыл қарсаңында іске қосылған «Жұлдыз» жаңа бала бақшасының ашылу салтанатына қатысып, бүлдіршіндер мен ата-аналарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Биылғы жылы 1280 орындық жаңа 4 бала бақшасы ашылды, осыдан тағы 900 орындық бұрынғы 6 бала бақша қайта өңделіп, іске қосылды. Бұдан басқа 615 орынды қамтитын 11 жеке меншік бала бақшасы іске қосылды.
Жаңа жылда тағы да бала бақшамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Облыс әкімі Сергей Дьяченко алдағы жылда «Боровской» мөлтек ауданында бұрынғы 320 орындық бала бақшасы іске қосылмақшы екендігін атап өтті, мектеп жасына дейінгі балалар мен мектептен тыс балалар тәрбиесі жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі