Облыс басшысы алдымен Шортанды ауданының орталығындағы жаңа жылдық мұз қалашығын, көшелердің мерекелік безендірілуін қарап, көріп содан кейін аудандық ауруханада болды және аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмысына назар аударды. «Даржан-Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диірмен кешені аудан орталығындағы үзіліссіз жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі.
Облыс әкімі диірмен кешенінің ұжымымен кездесіп, содан кейін мұсылман мешітінде болды.Аудан орталығындағы сауда орындарының мереке күндеріндегі жұмысына, баға жайына және тауарлардың түрлеріне назар аударған облыс әкімі аудан басшыларына мереке күндері тұрғындарды сумен, жылумен үзіліссіз қамтамасыз ету жайын назарда ұстауды тапсырды. Осы орайда, аудан орталығының бірқатар нысандарын жылумен қамтамасыз ететін қазандықта болып, оның жұмысын көрді.
Сонымен бірге, облыс әкімі мереке күндері Щучинск және Макинск қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында болып, тұрғындарды жылумен, сумен қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың жайын пысықтады және көмір қорының жеткілігіне назар аударды. Мереке күндері облыс орталығы Көкшетау қаласындағы өмірлік қажетті нысандардың жұмыстарына көңіл бөлген облыс басшысы қаланы безендіру және мерекені өткізу жайын да назардан тыс қалдырмады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі