Өткен жұмада облыс басшысы Сергей Дьяченко облыстық прокуратура, ішкі істер бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесіп, олардың жұмыс жағдайымен танысты.Сол күні облыс әкіміне өздерінің орналасқан жұмыс орындарын экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті көрсетті. Департамент бастығы Нұрлан Жұмабайұлының айтуынша, қаржы полициясы қызметкерлерінің мұндағы жұмыс жағдайының өзгешелігімен, жұмыстарына қанағатты.
Облыс басшысы Сергей Дьяченко экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің ұжымымен кездесу өткізіп, әр түрлі бөлімдерінің жұмыстарымен танысып өтті.
Өңір басшысы қаржы полициясы қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеп, Елбасшының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік серпінді индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, мемлекеттік органдардың алдына қойған маңызды міндеттерді жүзеге асыруы тиіс, агроөнеркәсіптік секторынан қайтарымы өсуі тиіс екендігін де атап кетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі