Облыс әкімі Сергей Дьяченко рождестволық құдайға құлшылық ету рәсіміне қатысып, Архистратиг Михаилды және шіркеудегі діни қауым мүшелерін Рождество мерекесімен құттықтады.
Аймақ басшысы діни қауым мүшелерінің алдында Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында елімізде ұлтаралық, діниаралық қарым-қатынас нығайып, тұрақтылық пен татулық орын алып отырғандығын атап айтты.
Өткен жылғы еліміздің ЕҚЫҰ сияқты халықаралық беделді ұйымға жетекшілік етіп, Астана Саммитін өткізуі Қазақстанның ұстанып отырған бейбітшілік сүйгіш саясатының тағы бір жемісі ретінде көрініс тапты. Биылғы жылы еліміз Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етпекші.
Рождество адамдардың бойына қуаныш пен бақыт, бір-біріне жаңашырлықпен, қайырымдылықпен қарау сияқты ізгі қасиеттерді ұялатып келе жатқан айтулы мереке.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жексенбілік мектебінің Архистратиг Михаилда сабақ алып жатқан балаларға сыйлықтар табыс етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі