Облыс әкімі Сергей Дьяченко өткен сенбі күні Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандарының әкімдерімен бірқатар маңызды мәселелерді талқылаған кеңес өткізді. Атап айтқанда, кеңесте өңірлерді дамытудың кешенді жоспарында көрсетілген өткен жылдың қорытындыларына байланысты туындаған түйткілді мәселелерді шешуге назар аударылды. Кеңесте «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық және бастауыш ұйымдарының есеп беру, сайлау конференцияларын өткізу қарсаңындағы жұмысына байланысты туындаған кейбір мәселелер талқыланды. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы болып саналатын облыс әкімі Сергей Дьяченко мәслихаттардағы партия фракциясымен тұрақты және белсенді жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Партияның аудандық және қалалық ұйымдарында тәртіптің нашарлығын, икемсіз жұмыс жүргізілетіндігін атап өткен басшысы кеңеске қатысушылардың назарын осы жайға аударды. Партия филиалдарының өткен жылғы жұмысына талдау көрсеткендей, мәслихаттардың партия фракциясымен жұмыс жоғары деңгейде емес. Партия фракциясының мүшесі болып табылатын мәслихат депутаттары тұрғындарымен сирек кездеседі және өз сайлаушыларымен жылына 4 рет кездесіп, есеп беру тәртібін де дұрыс сақтамайды, азаматтарды қабылдау өткізбейді. Мұның өзі шын мәнінде олардың партия жарғысында көрсетілген, депутаттық фракция ережесінде белгіленген басты міндеттері болып табылатынын естен шығармаған жөн. Кейбір депутаттарымыздың үстінен тұрғындар тарапынан түрлі арыз-шағымдар түсіп жатады. Осындай жағдай өткен жылдың соңында Егіндікөл және Зеренді аудандарында орын алды.Партияның аудандық филиалдарының төрағасы болып табылатын аудан әкімдері қолдарында ықпал ету тетіктері бола тұра, мәслихат депутаттары құрамымен нашар жұмыс жүргізеді.Кеңесте бұдан да басқа мәселелер талқыланды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі