Облыс әкімі Сергей Дьяченко жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болып, онда «Даржан Групп» ЖШС жаңа қазіргі заман талабына сай диірмен кешенінің ашылу салтанатына қатысты.
Аймақ басшысы ұжым өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, облысымызда аталған жобаның іске қосылуы экономикаға үлес қосып, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасайтындығы жөнінде атап өтті. Диірменнің жобалық қуаттылығы тәулігіне 120 тонна ұн, 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сол күні облыс әкімі «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Шортанды аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясында болды.
Аймақ басшысы конференция қатысушылар алдында сөз сөйлеп, партия мүшелерінің қоғамдық істерге белсене қатысып жүргендерін атап өтті. Оның айғағы ҚР Президентінің өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды жақтаушылардың қолдарын жинау болып отыр.
Содан кейін облыс басшысы Бұланды аудандық есеп беру конференциясына қатысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі