15 қаңтар күні, «Достар» Мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалының кезекті VIII партия конференциясы өтті.
Партиялық конференцияда, қала әкімі баяндама жасады, өңір басшысы Сергей Дьяченко аумақтың экономикасының өркеңдету мен әлеуметтік мәселелерін шешу жөнінде, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай алда тұрған негізгі міндеттерді қойды.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы жиналған қауымға Сергей Дьяченко есеп беріп, ақмолалықтардың үдемелі индустриялық-иннновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуына да үлес қосқанын атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі