17 қаңтар күні, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко «Нұр Отан» ХДП Целиноград аудандық филиалының IX есеп беру-сайлау конференциясына қатысып, делегаттар алдында сөйлеген сөзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелерге назар аударды, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алудың жаңа міндет-межелерін белгіледі. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Целиноград аудандық филиалының IX есеп-беру сайлау конференциясында саяси кеңес құрамы, аудандық партия ұйымының бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері мен облыстық партия конференциясына делегаттар сайланды. Жиынды қорытындылаған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко негізінен, партияның аудандық филиалының атқарған істеріне оң баға берді, жиналғандарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалынан қысқаша хабардар етіп, ертеңгі күні қолға алынар тың міндеттерді бірлесе шешіп, ауқымды жобаларды ұйымшылдықпен іске асыру қажет екендігіне тоқталды. Биылғы жылы еліміз үшін ең басты оқиға - ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын толайым табыстармен лайықты қарсы алу керектігін де баса айтып өтті. Партия осы ойға алған істердің бәрінде қозғаушы күшке айналуы керек. Конференцияда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Целиноград аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Манат Жүнісов сайланды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі