Облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласындағы перинаталдық орталықтың аналар босанатын жаңа корпусының құрылысы аяқталуына орай, ана мен бала денсаулығы үшін аса қажет болып отырған осы ғимаратта болып, тез арада оның құрал-жабдықтарын орнатып, іске қосу мәселелерін пысықтап, тиянақтады.Қала тұрғындары көптен бері күткен 50 керуеттік үш қабатты корпустың құрылысы жақында аяқталды. Жалпы алғанда жаңа корпуста босанатын әйелдерге жақсы санитарлық жағдай жасалған. Аналар босанатын корпус өз жұмысын биылғы жылдың ақпанында бастайды,-деді бас дәрігер Ермек Мұхамедиев. Облыс әкімі Сергей Дьяченко жаңа ғимараттың құрылысын жүргізген мердігерлер жұмысына көңілі толатынын айтып, осы жаңа корпуста іңгәлаған сәбилер дауысы көбейе беретіндігіне сенім білдірді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі