Кеше Көкшетауда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының ХІІ-ші есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко «Ақмола облыстық партия ұйымының есепті кезеңдегі жұмыстары» және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасының жобасы туралы» баяндама жасады. Конференция жұмысына «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысып, сөз сөйледі.«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағалығына облыс әкімі Сергей Дьяченко бір ауыздан қайта сайланды.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің нығаюына, экономикалық және әлеуметтік әлеуетінің артуына, қоғамның демократиялық үрдіспен дамуына, еліміздің саяси өміріне тереңірек әрі барынша ынталы араласып келе жатқан партияның бірі «Нұр Отан» екендігі даусыз мәселе. Бұл партияның еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі халықтық тұғырнамасы барша қазақстандықтардың көңілінен шыққандығы да анық. Билік партиясы қашан болсын халықтың, қазақстандық қоғамның бар өзекті мәселелерін шешуге келгенде аса зор белсенділіктерімен ел ықыласына бөленіп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді өркендетудің барлық бағдарламаларын жүзеге асыруда осы партияның мүшелеріне үлкен жауапкершілік және міндеттер жүктеп келе жатқандығы да белгілі. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының ХІІ-ші есеп беру-сайлау конференциясына 144 делегат қатысты. Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко «Ақмола облыстық партия ұйымының есепті кезеңдегі жұмыстары» және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасының жобасы туралы» баяндама жасады. (Баяндаманың мәтіні газетімізде жарияланып отыр).Баяндамашы ел өмірінде болып жатқан айшықты оқиғаларға саяси тұрғыдан баға бере келіп, алдағы міндеттерге тоқталды. Елбасының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру және әлемдік қауымдастық арасындағы беделінің өсуіне қосқан өлшеусіз еңбегі атап көрсетілді. Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті және оның Декларациясы Қазақстанның және оның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік аренадаға беделінің аса зор екендігін тағы бір көрсетіп берді. Барлық қазақстандықтар сияқты Елбасының өкілеттік мерзімін ұзарту үшін референдум өткізу жөніндегі бастаманы ақмолалықтар да қызу қолдап отыр. Конференцияда «Облыстық партия ұйымының бақылау-тексеру комиссиясының 2008 жылдың қараша және 2010 жылдың желтоқсан аралығындағы жұмысының қорытындысы туралы» партияның бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Г.А.Марченкова баяндама жасады. Баяндама бойынша жарыссөзде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Аршалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Е.Б.Маржықбаев, Егіндікөл ауданындағы «Егіндікөл-Экспресс-Несие» серіктестігінің директоры М.Р.Серікбаев, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Бурабай аудандық филиалы «Жастар қанатының» атқарушы хатшысы Я.В.Стерлигов, А.Мырзахметов атындағы университет ректорының стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі Ғ.М.Бекмағамбетов, Целиноград аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.А.Аширов сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Конференцияда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин сөз сөйлеп, талай бір тарихи тұлғаларды дүниеге әкелген киелі Көкше жеріне әрдайым құрметпен қарап келе жатқандығын атап көрсетті. Ақмола облысының нұротандықтары Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындау жолында қажырлы еңбек етуде. Ақмола облысы еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімін өңдіру бойынша жетекші орын алатын ірі агрокешендік аймақ,-деді ол сөзінде. -Сонымен бірге өңірде өнеркәсіп, тау-кен өндірісі қарышты дами бастады. «Алтынтау» алтын өндіру фабрикасының іске қосылуы, Целиноград және Еңбекшілдер аудандарында цемент зауыттарының құрылыстарының жүріп жатқандығы, «Қазатомпром» кәсіп-орындарында ірі инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы осыны айғақтайды. Облыстық филиалдың есебін-де тұратын 36 мыңнан астам ақмолалық нұротандықтар өңірдегі барлық іске белсенділікпен араласып келеді. Осымен барлық аймақтарда партияның есептік-сайлау конференциялары толық аяқталды. Енді «Нұр Отанның» ХІІI-ші съезіне дайындық жұмыстары басталып жатыр,-деді Н.З.Нығматулин өз сөзінде. -Бұл съезде пар-тияның алдағы он жылға белгілеп отырған жұмыс бағдарламасы қызу талқыға түсетін болады. Нұротандықтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттілігін ұзарту жөнінде реформа өткізуді қызу қолдап, бұл саяси науқанның аса зор белсенді жағдайда өтуіне барлық қарым-қабілеттерін жұмсап келеді. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, тәуелсіз қазақ елінің көк байрағын өз қолымен көтеріп, өтпелі кезеңдердің қилы-қилы жағдайларынан туған елін аман-сау және абыроймен алып өтіп келе жатқан, Отанымызды әлемге танытып, мойындата білген Елбасының тарих алдындағы өлшеусіз еңбегін туған хал-қы жоғары бағалайды. Делегаттар бір ауыздан партияның облыстық филиалының саяси кеңесінің есепті кезеңіндегі және бақылау-тексеру комиссиясының жұмыстарына қанағаттанарлық деп баға беріп, қаулы қабылдады. Конференцияда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төр-ағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин партияның Ақмола облыстық филиалының төрағалығына облыс әкімі Сергей Дьяченконың кандидатурасын ұсынды. -Бұл кандидатураны партияның Төрағасы, Елбасының өзі де мақұлдап, келісімін берді. Бәріңіз білесіздер, Сергей Александрович Дьяченконың партиялық және саяси жұмыстарда бай тәжірибесі бар, -деді ол. Конференция делегаттары ашық дауыс берді. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағалығына облыс әкімі С.А. Дьяченко бір ауыздан сайланды.«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХІІІ-ші съезіне делегаттар сайланды.Конференцияда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин партияның жекелеген белсенділеріне, атап айт-қанда партияның Ақкөл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә.С.Үйсінбаевқа «Белсенді қызметі үшін» төс белгі, партияның облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Г.А.Марченкова мен Бурабай аудандық филиалы «Жастар қанатының» атқарушы хатшысы Я.В.Стерлиговқа алғыс хаттар тапсырды.«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі С.А. Дьяченко партия филиалы саяси кеңесініңалғашқы ұйымдастыру мәжілісін өткізіп,саяси бюро және бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамдарын сайлады. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары С.Ж.Жалмағамбетова мен С.Ә.Аяғанов және Мәжіліс депутаты А.С.Соловьева қатысып отырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі