1 ақпан күні Көкшетауда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын талқылауға арналған облыстық идеология активінің кеңесі болып өтіп, бұл жиында облыс әкімі Сергей Дьяченко баяндама жасап, Жолдаудан туындайтын нақтылы міндеттерге тоқталды. Қазақстан халқы қазір Елбасының биылғы Жолдауының әсерімен өздерінің болашақтағы іс-қимылдарының жоба-жоспарын белгілеп жатыр. Жылдағыдай бұл тарихи құжаттың да айрықша маңызы бар. Әсіресе, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, оларға көрсетілген қызмет түрлерінің сапасын арттыру мәселесі айрықша атап көрсетілген. Халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуді жетілдірудің нақтылы іс-әрекеттері айқын аталды. Ана мен балаға, мемлекттік қызметшілер мен студент жастарға жасалатын қамқорлықтың өзі көңілден шығары анық. Елімізді индустриалдық-инновациялық бағытпен дамыту жөніндегі міндеттер Қазақстанның экономика саласындағы тың мүмкіндіктерін ашары анық. Бұл жаңа өңдірістердің іске қосылуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуін жақсарту сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтитыны және де бар. Әсіресе,ауылдың шаруасын өркеңдетуге айқын бетбұрыс жасалмақшы. Мал шаруашылығын дамыту арқылы, оның өндірілетін өнімін молайту жөнінде нақтылы міндеттер белгіленіп отырғаны да еліміздің болашағына жасалған қамқорлық деп санағанымыз абзал. Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында идеологиялық активтің жиналысында Елбасының Жолдауын талқылаудың алтын өзегіне айналды. Бұл шараға облыстық және қалалық мекемелер мен ведомстволардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері мен олардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының белсенділері, ардагерлер мен жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімі С.А.Дьяченко өз баяндамасында Елбасының Жолдауының тарихи маңызын атап көрсетті.Соған сәйкес осы Жолдаудан туындайтын міндеттер атап айтылды. Облыстың экономикасын және әлеуметтік саласын дамытудың жаңа бағыттары белгіленуі керек. Әсіресе, инновациялық жобаларды жүзеге асырудың деңгейін көтеруге тиістіміз. Ауыл шаруашылығының сапалық деңгейін арттырып, өнімді молайтумен бірге оны өңдеуді де жақсарту қажеттігі сөз болды. Халыққа дәрігерлік қызмет көрсету, білім беру және тілдерді дамыту мәселесіне де мән берілді. Кеңесте «Көкшетау минералды сулар» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы А.Қ.Алиев, соғыс және еңбек ардагерлірінің облыстық кеңесінің төрағасы Ч.М.Әбутәліпов, Көкшетау қаласындағы «Экос» гимназия мектебінің директоры, білім бері ісінің үздігі Р.Р.Луговая, Бурабай ауданындағы «Есіл Агро» серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты А.С.Исмағамбетов, Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі Қ.Б. Қабдырова сөз сөйлеп, Жолдаудың маңыздылығын айтты және өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, Қазақстанның өркендеу жолындағы болашағын осы Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асырумен байланыстыра айтты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі