Кеше,14 ақпан күні облыс әкімі Сергей Дьяченко «Достар» мәдениет сарайында өткізілген Ақмола облысы әйелдерінің форумына қатысып, сөз сөйлеп, ақмолалық қыз-келіншектер мен әйелдердің еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде алатын жетекші орнына зор баға бере келе, әйелдер қауымы бұдан былай да бала тәрбиесі мен отбасында, еңбекте осы абыройлы биіктерден көріне беретіндігіне зор сенім білдірді.Облыстағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат саласындағы негізгі басымдықтарды іске асыру барысында әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік беделін көтеру мақсатын көздеген бұл іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдар, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласы мен бизнес-құрылымдарының өкілдері, аудандардан келген делегаттар қатысты.Форумды құттықту сөзбен ашқан облыс әкімі Сергей Дьяченко аталған осынау іс-шараның ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отырғандығына айрықша тоқталып өтіп, облыстың әйелдер қауымына отбасында, қоғамдық қызметте, саясатта, бизнесте, өмірдің сан саласында ер азаматтармен бірдей еңбек етіп, еліміздің дамуының барлық саласында атқарып жатқан жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. Форумда Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртісі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Ж.Бағысова, облыстық мәслихаттың тексеру комисиясының төрайымы Г.Марченкова, Қорғалжын ауданы Дружбинский орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Б.Бейсембаева, Сандықтау ауданы Краснополянский орта мектебінің директоры А.Халимова, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің 2 курс студенті Н.Лукиянник сөз сөйледі.Әйелдер форумында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Көкшетау қаласындағы «Болашақ» қоғамдық қорының директоры А.Әмірова, «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры А.Мұханова, Жарқайын ауданының Н.Островский атындағы орта мектебі директорының орынбасары Т.Пегливанян, Енбекшілдер аудандық ауруханасының медбикесі Ш.Есімова және «Дастархан» серіктестігінің директоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Е.Мащинская облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Форумды қорытындылаған Көкшетау қалалық мәслихаттың хатшысы Қымбат Мустафина жиналғандарды биылғы жылдың наурыз айында Астана қаласында өтетін Қазақстан әйелдері съезіне Ақмола облысының атынан қатысатын делегаттармен таныстырды. Іс-шараның соңы Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы дайындалған мерекелік концертке ұласты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі