18 ақпан күні, Көкшетауда облыс әкімі Сергей Дьяченко халық алдында өзіне жүктелген міндеттердің атқарылуы жөнінде есеп берді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауынан туындайтын міндеттер жайы сөз болып, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты қарсы алу мәселесі жан-жақты айтылды.Әкімнің есебіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Т.А.Байзатов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары С.Ә.Аяғанов, С.Ж. Жалмағамбетова, Мәжіліс депутаттары А.Ж.Жазин, Е.Я. Каппель қатысып отырды.Бұл жолғы облыс әкімінің кездесуіне облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, аудандар мен қалалардың, жекелеген селолық аумақтардың әкімдері, облыстық ведомстволар мен басқармалардың басшылары, іргелі кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жетекшілері, кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері, банкирлер, студенттер, діни конфессиялардың, ұлттық-мәдени орталықтарының, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың, жастар және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Көкшетау қаласының және жақын маңдағы елді-мекендердің тұрғындары қатысты.Облыс басшысы С.А Дьяченко 2010 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылдың негізгі міндеттері туралы есепті баяндама жасады.Бұл баяндама бойынша жарыссөзде облыстық «Арқа Ажары» газетінің бас редакторы,облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Е.Ерғалиев, «Степногрск подшипник зауыты» акционерлік қоғамының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты А.И. Томилов, Зеренді ауданының әкімі Е.Б.Сағдиев сөз сөйледі. Сонымен бірге, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Қ.Ә.Әбуов, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Қ. Мустафина, Сенат депутаты С.А.Аяғанов сөз сөйлеп, облыс әкімінің жыл ішінде атқарған қызметіне жоғары баға берді.2010 жылы экономиканы дамытудың оң динамикасын сақтау негізгі міндет болып қалды. Жалпы аймақтық өнім көлемі 562 миллиард теңгені құрап, іс жүзінде 3 пайызға өсті. Халықтың әр тұрғынына шаққанда жалпы аймақтық өнім көлемі 764 мың теңгеден айналды. Мұның өзі 2009 жылмен салыстырғанды 55 мың теңгеге жоғары.2010 жылы үдемелі индустриалдық-инвестициялық даму, «Бизнестің жол картасы-2020» жөнінде мемлекеттік бағдарламаларды, Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін жасау жөніндегі жобаларды, халықты жұмыспен қамту Стратегиясын (Жол картасы), өмірлік маңызы бар және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру облысты дамытудағы негізгі басым бағыттар болып табылады.Өнеркәсіп орындары экономикалық дағдарыстың зардаптарынан болған өндіріс көлемінің кеміп кетуін толық қалпына келтірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі 131,6 пайызға жетті. Негізгі капиталға инвестициялар 113 миллиард теңгені құрады.Орташа айлық жалақы 14,1 пайызға өсіп, 54468 теңгеге жетті. 16,7 жаңа жұмыс орны, соның ішінде «Жол картасы» шеңберінде 6,1 мың жұмыс орны құрылды. Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 175 миллиард теңгені құрады. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 46 миллиард теңгеге артық. Алтын өндіру көлемі 3,6 есеге, подшипник жасау-1,6, жүк автокөліктерін құрастыру-1,5 полиэтилен құбырларын шығару-3,7, темір бетон конструкцияларын құрастыру-3,5 есеге және керамика кірпіштерін шығару 4,3 пайызға артты.Облысымыздағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жемісті жұмыс істеуінің нәтижесінде өткен жылы еңбек өнімділігі көрсеткіші жұмыс істейтін жан басына шаққанда 3,6 миллион теңгеге жетіп, 37 пайызға, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласы бойынша 4 миллион теңгеге жетіп 44 пайызға артты. 2010 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 74 миллиард теңгенің нысаны пайдалануға берілді.2010 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 27,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды. Қосымша өнімділігі жоғары 193 астық жинайтын комбайн мен тұқым себу кешені сатып алынды. Өткен жылы картоп пен көкөніс өнімдері тиісінше 150 мың және 53 мың тонна көлемінде жиналды. Степногорск қаласындағы жылына 1,8 мың тонна көкөніс дайындайтын жылыжай кешенінің қосылуы тұрғындарды жыл бойы сапалы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Жылыжайдың алғашқы 540 тонна өнімі биылғы жылдың сәуір айында шығарылады деп күтіліп отыр. Осылайша бүгінгі күні облысымызда жалпы көлемі 38 мың тонна көкөніс өнімдерін сақтайтын 42 қойма бар.2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда мал шаруашылығының жалпы өнімі 3,1 пайызға өсіп, 54 миллиард теңгені құрады. Азық-түлік рыноктарын мал өнімдерімен қамтамасыз етіп отырғандар да сол жеке меншік иелері. Олардың жалпы өндірістегі үлес салмағы 90 пайызды құрайды және бұл шаруашылық түрі бүгінде өзінің мүмкіндіктерін толық сарқып болған. Ақмола облысында етті мал шаруашылығы дамытудың жаңа бағдаламасы жасалды. Ірі серпінді жобалардың қатарында - Енбекшілдер, Зеренді және Астрахан аудандарында жеделдетілген мал шаруашылығын дамытудың өзектілігіне сәйкес 10,2 мың ірі қара мал басына арналған 3 бодақылау алаңы құрылысының жобалары бар. 2011 жылы Ақкөл ауданында Еуропалық ұрықтандыру мал тұқымын әкелу арқылы жылына 6 мың тонна ет өндіру қуаты бар. «СК Фуд» ЖШС толық циклді көп салалы кешенін іске қосу көзделіп отыр. 2011-2015 жылдары қосымша 6 бордақылау алаңдары мен 6 тұқымдық кешендерді салу жоспарланып отыр. Бағдарламаны жұзеге асыру нәтижесінде 2015 жылға ет өндірісі 46 мың тоннаға дейін жеткізіетін болады. Негізінен, облыс пен Астана қаласы қажеттілігін ескеріп, біздің өңірдің экспорттық әлеуеттік Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген көлемінің үштен бірі немесе 20 мың тонна көлемінде құрайды. 2010 жылы 7 миллиард теңгенің 13 жобасы іске қосылды. Қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік көлемін арттыру және жаңаларын іске қосу арқылы ет өнімдерін өндіру көлемі 22 пайызға, сүт өндіру 2,3 есеге, басқа да сүт өнімдерін өндіру 40 пайызға, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тірі салмақта ет-96,5 мың тонна, сүт-453 мың тонна өндірілді. Жұмыртқа өндіру 1,3 есеге артып, 443 миллион данаға дейін жеткізілді.2010 жылы екінші деңгейлі банктердің филиалдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 13 миллиард теңгенін несиелерін берді. Бұл көрсеткіш 2009 жылғыдан 6 пайыз көп. Нәтижесінде 2010 жылы облыс бойынша жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 61 пайызды құрады. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облысымызда аймақтық үйлестіру кеңесі құрылып, бірінші кезекте қодау көрсету үшін экономикалық басым салалардың тізімі бекітілді. 2010 жылы Ақмола облысының бағдарламалары шеңберінде 645 миллион теңге бөлінді. Оның 424 миллион теңгесі жекеменшік кәсіпкерлікті қолдауға, 221 миллион теңгесі инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталды. 2011 жылы 2,6 миллиард теңге қарастырылды. 2010 жылы негізгі капиталға құрылған инвестиция көлемі 113 милиард теңгені құрады.Инвестицияның негізгі көздерінің 50 миллиард теңгеге жуығы кәсіпорындардың өз қаражаты болып табылып, жалпы көлемінің 44 пайызын құрады. 2009 жылмен салыстырғанда өсім 24 пайыз. Экономикаға шетелдік инвестиция салу 13 есеге артып, 369 миллион теңгені құрады. 2010 жылы 156 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылыс бағдарламасында жоспарланған көрсеткіш 59 пайызға артығымен орындалды. 1,4 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Тек 2010 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қаржыландыру көздерінен 2,6 миллиард теңге бағытталды. Оның 1,6 теңгесі «Жол картасы» шеңберінде 33 нысанды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалды. Сумен қамтамасыз етуді жақсарту шарасын бюджеттен қаржыландыру деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2,1 есеге артып, 11 миллиард теңгені құрады. 173,3 шықырым су құбыры жүйесі, 16 су мұнарасы, 21 су сорғыш станция, 31 резервуар салынды, қалпына келтірілді және күрделі жөңдеуден өтті. 35 скважина бұрғыланды.Нәтижесінде 2010 жылы елді мекеннің 52 пайызы, қалалардың 70 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізілді. 2010 жылы жолдарды ұстау және жөңдеу жұмыстарына 5 миллиард теңгеден астам қаржы босатылса, бұл 2009 жылдан 28 пайызға көп. Өткен жылы аталмыш бағыт басымдыққа ие болып, сол себепті оны қаржыландыру 2 еседен астамға-2009 жылғы 1,2 миллиард теңгеден 2010 жылы 2,6 миллиард теңгеге дейін көбейді. 2010 жылы 5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланды. Мемлекет басшысының Целиноград ауданындағы Ақмол ауылына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша 2010 жылғы 5 тамызда Үкіметке мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Астана қаласының іргелес аймағындағы елді мекендер мен территорияларды дамыту жөніндегі шаралар кешенін жасау тапсырылды. Целиноград ауданының әкімшілік орталығын дамыту перспективасын есептей келе Ақмол ауылын дамыту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар 2013 жылдың өзінде жүргізілді, бұған 455,5 миллион теңге бағытталды. 71 бос орынға жәрмеңке өткізу және жұмыс іздестіру клубтарының қызметі есебінен 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен қолдауды қажетсінген 3,7 мың аз қамтылған адамдарға 100 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Қабылданған шаралар есебінен аз қамтылған азаматтардың саны 228 адамға азайды немесе 9 пайызға -2,4 мың адамға дейін кеміді. 2010 жылы 41 миллион теңге бір мезгілдік көтеріңкі жәрдемақы 419 маманға төленіп, 114 миллион теңгеге 136 несие берілді. Бағаны тұрақтандыру мақсатымен негізгі өнеркәсіп товарларын өндірушілерімен және қоюшыларымен 414 меморандум, 620 жәрмеңке өткізілді, оларда 865 миллион теңгенің өнімі сатылды. Жергілікті өндіріс өнімдерінің көлемі 21 пайызға өсіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің екіайлық және одан да астам қоры қамтамасыз етілді. 2010 жылы Аршалы поселкесінде 320 орындық орта мектеп салынды. Есіл қаласындағы 420 орындық және Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы 600 орындық мектеп құрылыстары жалғасын тапты, аталған білім ғимараттары 2011 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Целиноград ауданының Қоянды және талапкер селоларында басталған 900 орындық орта мектептердің құрылысы оқушының көптігінен туындап отырған орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берері сөзсіз. Жалпы, 2015 жылға дейін облыста 7,1 мың орынға арналған жаңа заман талаптарына сай 11 мектеп салынатын болады. «Балапан» бағдарламасы бойынша биыл облыста қосымша 4,6 мың орындық 96 мектепке дейінгі білім беру мекемелері құрылды. 2010 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 14,4 миллиард теңге бөлінді, бұл облыс бюджеттің орташа шығынның 13 пайызын құрайды. Жүргізіліп жатқан кешенді шаралар осы саладағы негізгі көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді. Облыста сәбилер өлімі 21,4 пайызға азайып отыр, ал ана өлімі тіркелген жоқ. Сондай-ақ, туберкулез дерті 24 пайызға, қан айналым аурулары 32 пайызға төмендеді. Еліміздегі 100 мектеп, 100 аурухана құрылыс бағдарламасы бойынша облыс орталығында қазіргі заманғы қан орталығы іске қосылды, Көкшетау қаласындағы облыстық периниталдық орталықтың әйелдер босанатын-обсервациялық бөлімшенің құрылысы аяқталды. Медициналық қызметтің қол жетімділігін және сапасын көтеру, істеп тұрған емхананың жұмысын жеңілдету мақсатымен Көкшетау қаласында қазіргі заманғы ауысымына 500 келушіге арналаған емхананың, Бурабай ауданында облыстық туберкулезге қарсы «Бурабай» балалар санаторийнің құрылысы жалғасуда. 2010 жылы облысқа 181, соның ішінде селолық жерлерге 54 жас маман келді. Келген 39-ы, соның ішінде 17 дәрігер тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді. Облыста туризмді, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға 2010 жылы 2 миллиард теңге бөлінді, ол 2009 жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсті. Бұл дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданушылардың санын 114 мың адамға дейін көбейтуге мүмкіндік берді, сөйтіп тұрғылықты халықтың санының 16 пайызын құрады. Облыстың спорттық ұйымдары 1-ші разрядты 150 спортшы, спорт шеберлігіне 157 үміткер, 29 спорт шебері мен халықаралық дәрежедегі 5 спорт шеберін әзірледі. VII қысқы Азия ойындарында 5 ақмолалық спортшы табысты өнер көрсетті, олар түрлі дәрежедегі 11 медаль (6 алтын, 2 күміс және 3 қола) жеңіп алды. 2011 жылы шаңғы спортын жедел дамытуға шаңғы роллерлік трассаны қайта жабдықтауға және Көкшетау қаласындағы Бұқпа шоқысында база құрылысын салуға жағдайлар жасау, осы спорт түрі дамып келе жатқан мектептер мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін шаралар жоспарланған. Осыдан ширек ғасыр бұрын облыс орталығында дами бастаған парус спорты қайта жаңғырылатын болады. Соған байланысты Қопа көлінің жағалауында яхт-клубының құрылысы жоспарлануда. Біздің аймақ үшін спорттың ең жаңа түрі-үлкен теннис дамитын болады. Мемлекеттік, жеке серіктестік негізінде Көкшетауда 2011 жылы ашық және жабық корттары бар теннис орталығының құрылысын салу көзделуде. Елбасының тапсырмасына орай Бурабай ауданы аймағында құрылыс жүргізудің кешенді жобасы дайындалды. Бұл жоба аясында ұзындығы 30 шақырым болатын магистральды су құбыры қайта жөнделді, су тазарту стансасы салынды және Щучинск қаласында ішкі су тарату жүйесінің құрылысы басталды. Көкшетау қаласында әуежайды қайта жөңдеу жұмыстары қолға алынды. Бұл курорттық аймақты заман талаптарына сай көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары аясында жүзеге асырылмақ. Жалпы мәдениетті дамытуға 1,9 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары.Мәдениет ошақтары барлығы 44 мың мәдени-бұқаралық ақпарат шаралар өткізді. Облыс бойынша он жыл ішінде қазақ тілінде оқытатын балалар бақшасы 40 пайызға өсті. 403 мектепте қазақ тілін меңгеруге жағдай жасалған, оның ішінде 173 мектеп мемлекеттік тілде дәріс береді, 230 мектеп аралас оқу ошағы. Бүгінгі күні барлық оқушылардың 41 пайызы қазақ тілінде білім алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жыл Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жарияланды. Тәуелсіздік мерейтойы мемлекетіміздің жаңа тарихындағы жарқын оқиға болмақ. Бұл тек бір ғана 2011 жылдың оқиғасы емес, тәуелсіздік жылдарының айшықты жолдары. Сондықтан 20 жылдық мерейтой шын мәнінде жалпыұлттық мереке болуы үшін әр қазақстандық оған белсене қатысуы керек. Ағымдағы жылғы барлық істердің басты қағидасы - Қазақстан Репсубликасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік-барлық қазақстандықтар үшін ең киелі құндылық» деген сөзі болуы тиіс. Өткен жылы аз іс атқарылған жоқ, шешімін табарлық проблемалар мен міндеттер белгіленді. Ақмола облысының экономикалық және рухани әлеуетін есепке ала отырып, біз мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсартып, табысты арттыру тұрғысында аймақ алдына қойған міндеттердің барлығы орындалады деп сеніммен айта аламыз. Облыс әкімінің баспасөз қызметі