Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен болып өткен облыстық әкімдік мәжілісінде Ақмола облысында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары, көктемгі су тасқынының алдын алу және облыста СПИД ауруына қарсы қолданылып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралып, талқыланды. Облыс әкімі Сергей Дьяченко өз сөзінде биыл бұл адамдардың барлығына сенген пәтерлері қайткенде де тапсырылуы керектігін айта келе, құрылыс қарқынын одан әрі арттырып, Үкімет қолға алып жатқан жаңа тұрғын үй бағдарламасын орындауда да өткен жылдардығыдай, ширақтық таныту қажеттігін алға тартты. Осы мәселе бойынша селекторлық тәртіппен өткен мәжілісте бірқатар қала, аудан әкімдері де есеп берді.
Мәжілісті екінші болып қаралған көктемгі су тасқының алдын алу туралы мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров хабарлама жасап, осы орайдағы қалыптасып отырған жағдайға тоқталды.
Осы маңызды мәселені одан әрі қорытындылаған облыс әкімі С.А.Дьяченко, көктемгі су тасқының алдын алу жөніндегі штабтар бүгіннен бастап кірісіп, төтенше жағдайларды болдырмаудың барлық шараларын қарастырулары керек. Өйткені, көктем ерте келеді деген болжам да бар.
Күн тәртібінде үшінші болып қаралған СПИД-ке қарсы күрес бағдарламасының орындалуы да ешкімді бей-жай қалдырмады. Мәжілісте облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндеті атқарушы Баян Ысқақова қазақ тілінде хабарлама жасады.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко өз сөзінде ғасыр дертіне қарсы мұндай жағдай жұмыстарды алда да пәрменді түрде жүргізе беру қажеттігін баса атап көрсетіп, бүгінде айналып өтуге болмайтын басқа да бірқатар мәселелерге тоқталды. Соның ішінде тиісті орындарға азық-түлік өнімдерінің бағасын күнделікті бақылауда ұстауды ерекше тапсырып, бұл жөнінде қатаң сұралатынын ескертті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі