Облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетауда болып өткен облыстық ардагерлер ұйымының VIII есеп беру-сайлау конференциясына қатысып, сөз сөйлеп, аға ұрпақ өкілдерінің еліміздің дамып, өткендеуіне қосып келе жатқан зор үлесіне жоғары баға берді, ардагерлерге әлі де тұғырдан таймай, қоғамдық-саяси өмірдің алдыңғы легінен көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Конференция жұмысына «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының орынбасары Бекболат Мұқышев қатысып, сөз сөйледі.Конференция делегаттары алдында облыс әкімі С.А. Дьяченко сөз сөйлеп, әрдайым қоғамдағы қуатты да ықпалды күш болып табылатын ардагерлерге арқа сүйеу, оларға құрмет көрсетіп, қамқорлық жасау бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екендігін жеткізді.Биыл біздер үшін қастерлі мереке-ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланады. Бұл мерекелік оқиғаның алғашқы шаралары жаңа жылдың алғашқы күндері бастау алды. Ал, алдағы уақытта жергілікті жерде мүдделі барлық органдардың іс-әрекетін шоғырландыру арқылы кең көлемдегі ел беделін көтеретін іс-шаралар жүргізу қарастырылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі