Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа арналған биылғы Жолдауын насихаттап,кеңінен түсіндіру мақсатымен Көкшетауға келген Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішев бастаған және құрамында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің комитет төрағасы Ілияс Қозыбаев, Қазақстан Республикасы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша комитет төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов бар топ облыс орталығындағы «Достар» мәдениет үйінде шығармашылық өкілдерімен кездесті. Бұл кездесуді облыс әкімі Сергей Дьяченко ашып, жүргізіп отырды.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, республикалық ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі Болат Жәмішев және топ мүшелері Қазақстан Республикасының Білім министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынова, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Нұргүл Хамзина Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік Университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесіп, жаңадан салынған қан орталығы мен «ENKI» кірпіш зауытында болды. Бұл кездесулерге облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров қатысты.Көкшетауда өткен бұл шараға елге елеулі, өнерге белгілі өнер қайраткерлері, білім, мәдениет саласының қызметкерлері, ардагерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Елбасының Н.Назарбаевтың ел халқына арналған биылғы Жолдауында көтерілген маңызыды мәселелер-білім беру саласын дамыту, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамту, жұмыссыздықпен күрес секілді бағдарламалардың барысымен егжей-тегжейлі таныстырған министр Болат Жәмішев:-Жолдау бойынша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін жалпы ішкі өнімді, өндіріс өнімдерінің көлемін ұлғайту міндеті тұр.Бұдан соң Жолдаудағы әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі сөз қозғаған Қазақстан Республикасы еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша комитет төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов болды.Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері өздерін толғандырып жүрген мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Қойылған сауалдарының басым бөлігі мәдениет саласының түйткілді мәселелері, зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайы, мемлекеттік тіл мәселесі, сонымен қатар, денсаулық сақтау және білім беру мәселелері бойынша өрбіді. Өз кезегінде министр Болат Жәмішев білім, мәдениет саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттер мен кейбір көкейкесті мәселелерге тоқталып, айтылған ұсыныс-тілектердің ескерілетіндігін жеткізді.Бұдан соң облыс әкімі Сергей Дьяченко және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Болат Жәмішев «Тыныс» акционерлік қоғамында болып, өндіріс орындарын аралап көрді, Елбасы Жолдауындағы басты қағидалар жөнінде инженер-техник қызметшілерімен, жұмысшылармен әңгімелесті. Жолдауды насихаттау мақсатындағы ақпараттық-насихаттық тобының Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіндегі кездесуін осы оқу орнының ректоры, техника ғалымдарының докторы Найман Қалабаев ашып, жүргізіп отырды.Мұнда да Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі, топ жетекшісі Болат Жәмішев Елбасы Жолдауында көтерілген негізгі мәселерге тоқталды. Ол-білім беру, денсаулық сақтау және тіл мәселелері.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі